Тараз қаласында «Жансая» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер балконы өртенген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт үшінші қабаттағы балконнан басталып, төртінші және бесінші қабаттардың балкондарына тараған.
Өртті сөндіру барысында үшінші қабаттағы пәтерден ер адам құтқарылды. Қазір ол жедел медициналық жәрдем бригадасының қарауында.
Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 23 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
