Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.
Қазақстанда пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін
149
оқылды

Қазақстанда пойыз билеттерін сату жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мамандары ерлер мен әйелдерді бір купеге орналастырмау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің ұсынысынан кейін көтерілген. Ол Түркиядағы тәжірибені мысалға келтірді. Онда бір-бірін танымайтын ер және әйел жолаушыларға бір купеден билет сатылмайды. Егер купедегі алғашқы орынды ер адам сатып алса, қалған орындар ер адамдарға ұсынылады. Әйел адам бірінші болып билет алса, купеге әйелдер орналастырылады. Бірге билет сатып алған жолаушыларға бұл шектеу қолданылмайды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы мұндай жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндігі зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Алайда оны енгізу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған және жаңа тәртіптің қашан іске қосылатыны белгісіз.