Енді ол өз құқығын толыққанды пайдаланып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз ала алады.
Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды
130
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Владимировна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол ұзақ уақыт бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейіннен оны жоғалтып алған.

Өмірлік жағдайларға байланысты Татьяна Владимировна ұзақ уақыт бойы құжаттарын қайта рәсімдеуге мүмкіндік таппаған. Жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінді. Қызметкерлер оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмысын жүргізіп, құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау жолданды.

Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Татьяна Владимировна Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алды. Татьяна Владимировна көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен жанашырлығы, қолдауы және маңызды мәселені шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.