Боксшылардың мүддесін қорғайтын Top Rank және Queensberry Promotions ұйымдары келіссөздер мерзімін бір аптаға ұзартуды сұрады.
Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін
111
оқылды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен чемпион Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

WBO өзінің әлеуметтік желілерінде жеңіліс көрмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен осы ұйымның титул иегері, британдық Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жариялады.

Осыған байланысты WBO келіссөздер нәтижесін жариялаудың жаңа мерзімін белгіледі – 2026 жылдың 10 қыркүйегі, Атлантикалық стандартты уақыт (AST) бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Егер ұйымдар өзара келісімге келе алмаса, WBO жекпе-жек үшін промоутерлік сауда (торг) тағайындауға мәжбүр болады.