ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. 
Таразда пәтер өртеніп, құтқарушылар 79 адамды эвакуациялады
118
оқылды

Тараз қаласының Ұлы дала шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаз өртенген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттан баспалдақ арқылы 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз, ал төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.