«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде оқырмандарына қуанышты жаңалық жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы жақсарғанын, Ақтауға ұшып келгенін айтты. Айтуынша, дәрігерлер әншіге ұшақпен ұшуға рұқсат берген.
«Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа», – деді Сәкен Майғазиев.
Желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, үш әншінің бірге өнер көрсететініне қуанып жатқанын айтты.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсіп, шұғыл ота жасалғаны белгілі болған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
