Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Екі ел байланысын дамытуға берік негіз
135
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонг­лун Сисулит бір-біріне рес­ми делегация мүшелерін та­ныстырды. Құрмет қарауылы ро­тасының бастығы рапорт бер­ген соң қос мемлекеттің әнұран­­дары шырқалды. Бұдан кейін президенттер келіссөз за­­лына барды.

Мемлекет басшысы мәр­те­белі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақ­стан­ға жасап отырған алғашқы са­парын тарихи оқиға деп ата­ды.

– Келесі жылы екі елдің ара­­­сындағы дипломатиялық қа­ты­настың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – үл­кен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аре­нада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім ша­ра­лары кеңесінде көтерген бас­­­­тамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды біл­діреміз. Бұл – Сіздің Қазақ­стан­ға жасаған алғашқы сапа­рыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағ­да­лас­тық­тарды іске асыруға екі ел үкі­меттері белсенді түрде кі­рі­се­ді деп ойлаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Лаосты Қа­зақстанның Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы маңызды әрі се­німді серіктесі деп санайтынын жет­кізді. Сондай-ақ Лаос елі­нің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқа­ны­на, әсіресе энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп жә­не туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткіз­ге­ніне на­зар аударды.

Тхонглун Сисулит достас қа­зақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Президент мырза, сапар ке­зінде еліңіздің жан-жақты да­­мы­ғанына, Сіздің бас­шы­лы­ғыңызбен ауқымды өзгерістер жүр­гізіліп жатқанына куә болдым. Қазақстанға Лаос Пре­зи­ден­ті ретінде ресми сапармен ке­ліп, Сізбен жүздесу – мен үшін зор мәртебе. Бұл сапар екі­жақты қарым-қатына­сы­мыз­ға елеулі үлес қосатынына кә­міл сенемін. Келіссөз бары­сын­да көптеген мәселені тал­қы­лап, өзара ынтымақ­тастық­тың перспективалы бағыттарын ай­қындаймыз әрі алдағы ортақ жұ­мысты ақылдасамыз деп ой­лай­мын, – деді Лаос Президенті.

Көлік-логистика саласының әлеуеті зор

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Делегация мүшелерінің қа­ты­суымен өткен келіссөз бары­сында Қазақстан мен Лаос пре­зиденттері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастықтың даму перс­пек­тивасын талқылады.

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Респуб­ликасы Президентінің елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты байланыстарды нығай­туға тың серпін беретінін жет­кізді. Сондай-ақ Қазақстан Лаос­ты Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Біз Қазақстан мен Лаос арасындағы сауда-экономи­ка­лық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Бұл қарым-қатынасымызды нығайта түсуге берік негіз болады деп ойлаймыз. Лаос нарығына жеткізілетін қазақстандық тауар көлемін кеңей­тудің мүмкіндігі мол екенін көріп отырмыз. Ең алдымен, металл, тағам, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика өнімдерін тасы­малдай аламыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы екі елдің көлік-логистика саласындағы ықпалдастығына назар аударып, Лаостың бұл бағыттағы табысын жоғары бағалады.

– Қазақстан Орталық Азияда тоғыз жолдың торабында орна­ласқан. Қытай мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халық­аралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып келеді. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жолымен тасымалданатын жүк­тің 85 пайызы еліміз арқылы өтеді. Грузияның Батуми және ҚХР-дың Ляньюньган портта­рында қазақстандық термина­лдар жұмыс істейді. Біз Қы­тайдың Сиань қаласында Қа­зақ­­станның логистикалық хабын іске қостық. Осы платфор­ма­ларды лаостық жүк тасымал­даушылар пайдалана алады. Лаос өнімдерін Орталық Азия мен Еуропаға біздің көлік дәліздері арқылы шығаруға болады. Қа­зақстан да Лаос арқылы Оңтүс­тік-Шығыс Азияға тасымал­дайтын өнім көлемін ұлғайтуға ниетті. Біз Лаостың теңізге шы­ғатын жолы жоқ елден Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін байла­ныс­тырушы елге айналу жолындағы жетістіктерін жоғары бағалай­мыз. Лаос – Қытай теміржолы елдің транзиттік әлеуетін күш­­ейтіп, АСЕАН елдерін Қытай­мен және Еуропамен жалғауға жол ашты. Осы орайда, үкіметтеріміз көлік-логистика саласы бойын­ша үкіметаралық және ведомс­тво­аралық келісім­дер бекітуді пысықтауы қажет, – деді Қазақ­стан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос компанияларын «Астана» ха­лықаралық қаржы орталығының жеңілдіктерін барынша пайдала­нуға шақырды.

– АХҚО бизнес ашу мен ин­вес­тиция тартудың халықаралық алаңына айналды. Онда әлемнің 90-нан аса елінен келген 6300-ден астам компания тіркелген. АХҚО платформасы арқылы Қазақстанға 27 миллиард доллар инвестиция тартылды. АХҚО Лаос компаниялары үшін Қазақ­стан нарығына шығатын әрі Орта­лық Азиядағы қызметін кең­ейтетін тиімді құрал бола алады, – деді ол.

Мәденит пен туризм назардан тыс қалмады

Әңгімелесу кезінде мәдени-гуманитарлық және туризм сала­ларындағы ықпалдастық перс­пективасына ерекше назар ауда­рылды. Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тығыз байла­ныс орнатудың, академия­лық алмасу мен бірлесе кадр даяр­лау аясын кеңейтудің, сұра­нысқа ие лаостық мамандарды Қазақстанда оқытудың әлеуеті зор.

Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі екенін атап өтті.

– Мен Қазақстанды Орталық Азиядағы Лаоспен әрдайым ізгі әрі орнықты қарым-қатынас жаса­ған елдердің бірі ретінде қарастырамын. Қазақстан Лаос­қа ұлт-азаттық күрес кезінен бері көмек қолын созып, бүгінге дейін қолдау көрсетіп келеді. Әлемдегі ахуал сан мәрте өзгерсе де, Қазақстан мен Лаостың қарым-қатынасы, бауырластық байланыстары және бір-біріне тілеулестігі мүлде өзгерген емес. Бүгінгі сапар екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді, – деді Лаос Президенті.

Тхонглун Сисулит Қазақстан Лаосқа мамандар даярлауға көмек көрсететініне баса мән берді.

– Лаостың жүздеген азаматы Қазақстандағы оқу орындарында білім алды. Бүгінде олардың көбі мемлекеттік қызметте, кәсіп­кер­лікте, орталық және жергілікті деңгейде басшылық қызмет атқарады. Отандастарым сту­дент­тік жылдарда көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін қа­зақ­стандықтарды жылылықпен еске алады. Олар қазақстандықтарды Лаоста қарсы алуға да, кездескен жерде ризашылығын білдіруге де дайын екені сөзсіз, – деді Лаос Президенті.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қос елдің де мүдделі екенін растайтын Бірлескен мә­лімдеме қабылдады.

Мемлекет басшыларының қатысуымен бірнеше үкімет­аралық құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; Қазақстан Рес­пуб­ликасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы мем­ор­андум; Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және техноло­гия­лар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуника­циялық технологиялар және элек­тр­ондық мемлекеттік қыз­меттер саласындағы ынт­ымақ­тастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орна­ту туралы меморандум бар.

Келіссөздердің келесі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станға рес­ми сапары аяқталған Лаос Пре­зи­денті Тхонглун Сисулитті е­лор­да әуежайынан шығарып салды. 

М.ТӨЛЕУ