Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желіде мансап, қызмет адамды қалай өзгертетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, адам бойындағы адамгершілік, асыл қасиет тектен келеді.
«Бір бауырым «Менің бір досым бар еді, қызметке орналасқаннан кейін тұмсығын көтеріп кетті. Бұрын ондай емес еді, тәкаппар емес еді» дейді. Бауырым, ол текпен келетін нәрсе. Қазақта жақсы сөз бар ғой, «Ұлық болсаң, кішік бол», «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл». Өмірде адамды жағдайы өзгертіп тұрады. Ондай дос менде де бар негізі. Оған «Ей, досым, сен аяғыңмен басып жүрген шөп бір күні қабіріңнің үстінен шығады. Жерге түс» деп айт. Қарапайымдылық әр қазаққа жарасады», – дейді актер.
Оқырмандар оған қолдау білдіріп, пікір білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
