Енді көмек тағайындағанда азаматтың ғана емес, бүкіл отбасының материалдық жағдайы ескеріледі.
Келер жылдан бастан тек шын мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі
135
оқылды

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындау тәртібі өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Енді көмек тағайындағанда азаматтың ғана емес, бүкіл отбасының материалдық жағдайы ескеріледі.

Жаңа тәсіл бойынша мемлекеттік қолдау ең алдымен көмекке шын мұқтаж отбасыларға бағытталады. Осыған байланысты жағдайы жоғары «А» санатындағы 92 және жағдайы қанағаттанарлық «Б» санатындағы 5 мың отбасы әлеуметтік қолдаудың кейбір түрлерінен шектелуі мүмкін.

Бұл барлық жәрдемақы тоқтатылады дегенді білдірмейді. Шектеу тек жекелеген қолдау шараларына қатысты. Нақты қандай төлемдер қамтылатыны әзірге белгісіз.

Отбасының мұқтаждығын бағалау үшін оның барлық кәмелетке толған мүшелері туралы мәлімет қаралады. Осы мақсатта жәрдемақы алушыларға дербес деректерді өңдеуге келісім беру туралы SMS жіберіледі.

Сондай-ақ табысы жоғары азаматтарға әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерінен өз еркімен бас тарту ұсынылуы мүмкін. Мұндай бас тарту міндетті емес.