Бұл туралы Ақорда жазды.
Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасарлары тағайындалды
157
оқылды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының бірінші орынбасары мен екі орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.