Тексеру 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде.
Қазақстанда мектеп автобустары мен мектеп маңындағы жолдар тексеріліп жатыр
187
оқылды

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп автобустарының техникалық жағдайы, білім беру ұйымдары маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін және техникалық жағдайын бақылап, мектеп маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тексеруде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар мектептердегі бейнебақылау камераларын полицияның жедел басқару орталықтарына толық қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Олар оқушыларға жолда және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіреді.

Полиция ата-аналарды да балаларға жолдан өту, телефонға алаңдамау және бейтаныс адамдармен бірге кетпеу секілді қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруға шақырды.