Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік төлемдерін банк қосымшалары арқылы автоматты түрде ұстап, аудару ұсынылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тиісті өзгерістер Салық кодексіне түзетулер жобасында қарастырылған.
Жоба сондай-ақ мемлекеттік бажды азаматтың қосымша өтінішінсіз автоматты түрде қайтаруды көздейді.
Бұдан бөлек, қазақстандық маркетплейстерге шетелдік сатушылармен жасалатын операциялар бойынша салық агенті міндетін жүктеу ұсынылып отыр.
Жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтатқан кезде жеке салықтық өтініш беру міндетінен босатылуы мүмкін. Ал елеулі салық берешегі алты айдан астам өтелмесе, электрондық шот-фактура жазып беру уақытша тоқтатылмақ.
Түзетулер әзірге қабылданған жоқ. Жоба 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
