Маңғыстау теміржол вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы пойызға отыруға келген жолаушы кенеттен көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға 3 қыркүйекте болған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, №613 пойызға мінуге келген ер адамның вагон маңында жағдайы күрт нашарлаған. Пойыз қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, полицияға хабар берген.
Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты пойыз белгіленген уақыттан кеш жөнелтілді.
Көліктегі полиция департаменті жолаушының өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы.
