Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр
Ақорда
182
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.

Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті, - деп жазды Айбек Смадияров