Бүгін ел спортшылары бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алды
Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының медаль саны 58-ге жетті
instagram.com/ulttyqatsport.kz
284
оқылды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты. Бүгін ел спортшылары бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстандық шабандоздар 300 шақырымдық ат жарысында топ жарды. Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет бастаған спортшылар төрт күнге созылған 300 шақырымдық қашықтықты еңсеріп, бірінші орын алды. Бұл бәсекеде екінші және үшінші орындарды Қырғызстан өкілдері иеленді.

Жамбы атудан Аружан Ықсан «мажар» стилінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл сайыста спортшылар ат үстінде шауып келе жатып нысанаға садақпен жебе атады. Ал Қазақстан құрамасы Ордо (асық ату) спортынан қола жүлдегер атанды. Бұл сында Қырғызстан жеңіске жетсе, АҚШ құрамасы екінші орын алды.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларының жалпы жүлде саны 58-ге жетті. Оның 26-сы – алтын, 14-і – күміс, 18-і – қола медаль.