Астанада электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты жаңа талаптардың күшіне енуіне байланысты полиция бақылауды күшейтті. Нәтижесінде 700-ге жуық электросамокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 2 мыңнан астам электросамокат коммуналдық тұрақтарға жеткізілген. Полицияның мәліметінше, профилактикалық шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Жаңа талап бойынша электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Ал көлік жүретін жолға шығатын самокат жүргізушісі 18 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар және қорғаныс шлемін киген болуы тиіс
