«Барселона» мадридтік «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы Давид Алабаны қатарына қосуға мүдделі.
Давид Алаба «Барселонаға» тегін ауысуы мүмкін
132
оқылды

Австриялық футболшы каталониялық клубқа еркін агент ретінде ауысуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, «Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик орталық қорғанысты күшейтуді көздеп отыр. Осыған байланысты Алаба клуб қарастырып жатқан үміткерлердің қатарына енген.

34 жастағы қорғаушыға Италияның «Рома» және «Лацио» клубтары да қызығушылық танытып отыр.

Алаба 2021 жылы «Бавариядан» «Реал Мадридке» еркін агент ретінде ауысқан. Мадридтік клуб сапында ол Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын қоса алғанда бірнеше жүлдеге ие болды.