Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Гран-при иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық ұжым Nomad Fest фестивалі аясында ұйымдастырылған халықаралық «Этно-би» байқауында өнер көрсетті.
Байқауда «Гүлдер» ансамблі TURAN ансамблінің музыкасына қойылған «Ер Тұран» және STEPPE SONSE тобының музыкасына жазылған «Қорқыт» хореографиялық қойылымдарын ұсынды.
Қазылар алқасы бишілердің орындаушылық шеберлігімен қатар, қойылымдардың кәсіби деңгейін де жоғары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Анвара Садықова мен «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Гран-при иеленді.
