Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан күміс жүлдеге ие болды.
Алтын жүлде үшін өткен финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде алаң иелері 7:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қырғызстан көкпардан чемпион атанса, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін қос құрама көкбөріден де финалда кездескен еді. Онда Қырғызстан Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көкбөріден де финалда Қырғызстанға есе жіберді.
