Қазір оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр.
Астанада салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр
163
оқылды

Астананың Сарайшық ауданында салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қазір оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіріп жатыр.

Өрт А-32 көшесіндегі құрылыс нысанында болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимараттың бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі жылу оқшаулағыш материал ашық жалынмен жанып жатқан.

Өртті сөндіруге арнайы оқпандар беріліп, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.