Соққыдан кейін әуе кемесі жарылып, өрт шықты.
Грекияда әуе шоуы кезінде жойғыш ұшақ құлап, жарылды
Фото: astanatv.kz
280
оқылды

Грекияда Афинадан алыс емес Танагра әуе базасында F-4 Phantom жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай жылдамдығын жоғалтып, жерге құлаған. Соққыдан кейін әуе кемесі жарылып, өрт шықты.

Өртті сөндіруге 85 маман, оннан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды. Оқиғаны тамашалауға келген көрермендер арасында зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыштар апат кезінде шұғыл қону жүйесін іске қосып үлгермеген. Олар құлап бара жатқан ұшақты адамдар жиналған аумақ пен тұрғын үйлерден аулаққа бағыттауға әрекет жасаған.

Қазір апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.