Клуб бапкері бұл жайлы айтты
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шықпайды
148
оқылды

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы «Бернли» сапында ойнай алмайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Ники Хайен мәлімдеді.

Сәтпаев жарақатты «Мидлсброға» қарсы 1:1 есебімен аяқталған матчта алған. Ол кездесуде 80 минут ойнап, Чемпионшип нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанды. Ауыстырылған сәтте футболшы сол жақ санының тұсын ұстап алаңнан кеткен.

«Өкінішке қарай, Дастан бірнеше аптаға қатардан шықты. Оның маусым алдындағы дайындығы толыққанды болған жоқ», – деді Ники Хайен.

Қыркүйек айында «Бернли» тағы үш матч өткізеді. 8 қыркүйекте команда «Рексхэммен», 12 қыркүйекте «Суонсимен», ал 19 қыркүйекте «Дерби Каунтимен» кездеседі.

Одан кейін ұлттық құрамаларға байланысты үзіліс басталады. Қазақстан құрамасы 26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ұлттар лигасында төрт матч өткізеді.