Шавкат Рахмонов отбасының қиын кезеңі туралы айтты
Шавкат Рахмонов отбасының алғашқы баспананы қалай алғанын айтты
instagram.com/shavkatrakhmonov94
120
оқылды
 

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келгеннен кейін отбасының баспана алу үшін қалай ақша жинағанын айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz ALF Global-ға сілтеме жасап.

«Менің ата-анам бай адамдар емес, қарапайым жандар. Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген кезде пәтер сатып алатындай ақшамыз болған жоқ. Сондықтан баспана алу үшін еңбек етіп, ақша табуымыз керек болды. Шамамен бір жарым-екі жыл базарда жұмыс істеп, бір бөлмелі пәтер алуға ақша жинадық. Бәріміз бірге қаражат жинадық», – деді Рахмонов.