ТЖМ ресми ақпарат таратты
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді
istockphoto.com
145
оқылды

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ хабарлауынша, 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісін ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Есептік қарқындылығы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында 2 балл болды.

Зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат берілген жоқ.