Алматыдағы онкология орталығында жаңа технология дәрі-дәрмекті қабылдау, сақтау, сұйылту және пациентке беруге дейінгі негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Яғни, дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда сұйылту жүйесі енгізілді. Әр препаратқа арнайы код арқылы жеке цифрлық сәйкестендіру беріледі. Дәрілік затпен жасалған барлық әрекет жүйеде тіркеліп, оның орталыққа түскен сәтінен пациентке берілгенге дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйе дәрілік препараттардың дозасын дәл сақтауға, қателік қаупін азайтуға және дәрі-дәрмекті дайындау процесінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Елімізде жыл сайын 27 мыңнан астам адам медициналық көмек алады. Соңғы сегіз жылда көрсетілген емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есе өскен.
Сонымен қатар пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 46%-дан 75%-ға дейін артқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәріхана процестерін цифрландыру онкологиялық көмектің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
