Қарағандыда Chevrolet Cobalt көлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға кеше, 6 қыркүйекте шамамен сағат 07:30-да К. Маркс көшесінде болған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.
Қарағанды облысының полициясы хабарлағандай, жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
