Күдіктінің үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам есірткі табылды.
Алматыда есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды
фото: www.istockphoto.com
259
оқылды

Алматының Жетісу ауданында полицейлер есірткі сатудың жолын кесті. Алдын ала мәлімет бойынша, жеке секторда бірнеше доза марихуана сатып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көп ұзамай жедел қызметкерлер есірткіні сатты деген күдіктіні қолға түсірді. Оның үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам есірткі табылды.

Ұсталған адамның бұған дейін де есірткі істеріне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткінің қайдан келгенін және күдіктінің бұл істегі сыбайластарын анықтап жатыр.