Алматыда Ұлжан-1 шағынауданында орналасқан екі қабатты ғимарат өртке оранды. Желіде жантүршігерлік видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ұлжан-1 шағынауданында Балқұдық көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шақырту нөмірі жоғары тәртіппен ТЖМ күштері жіберілді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры жанғаны анықталды.
Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылған. Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, өрт сәтті сөндірілді.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
