Бұл туралы келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында жасалды.
Қазақстан мен Корея ет бұқтыратын бірлескен цех құрылысын жүргізеді
74
оқылды

Қазақстан мен Корея ет бұқтыратын бірлескен цех құрылысын жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Цех құрылысы Қазақстанда жүреді, жобаны қазақстандық тараптан Samsar Investment жүргізеді. Ал екі тараптан инвестиция құны 1,3 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында жасалды.

Одан бөлек Қазақстан Оңтүстік Корея еліне құны 13 миллион АҚШ доллары болатын 1мың тонна сиыр етін экспорттамақ. Бұған қоса қазақстандық Samsar Investment айына 3мың тонна рафинадталған күнбағыс майын экспорттау туралы келісімге келді. Жалпы екі елдің 200-ден астам бизнес өкілі қатысқан бизнес форум қорытындысы бойынша жалпы құны 54,8 миллион АҚШ долларын құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Бизнес форумға Оңтүстік Кореяда 55 жыл бұрын негізі қаланған Корея импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) жүзге жуық бизнес делегациямен арнайы келген. Бұл кездесу биыл маусым айында Сеулде өткен KoreaImport Expo 2026 көрмесінің сәтті жалғасы болып отыр. Аталған көрмеге қазақстандық ауылшаруашылығы және тағам өндірісімен айналысатын 15 компания қатысып,қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне қызығушылық артқан.

«Қазақстан тек табиғи ресурстарға бай мемлекет қана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды экономикалық және логистикалық орталық. Энергетика, өнеркәсіп және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар салаларындағы артықшылықтарымен қатар, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібініңтұрақты дамуы Қазақстанға Корея Республикасына тауар жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді», - деді Корея импорттаушылар қауымдастығының (KOIMA) төрайымы Ён Ми Юн бизнес форумда сөйлеген сөзінде.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 3,17 млрд АҚШдолларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстан өнімдерінің Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.

«Корея Республикасы Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Біздің елдеріміз арасындағы байланыс 1992 жылдан бері орнаған дипломатиялық,сауда-экономикалық байланыс өзара сеніммен ынтымақтастыққа негізделе дамып келеді. Біз үшін сауда көлемін ұлғайту ғанаемес, сонымен қатар дайын өнімдер мен қосылған құны жоғары тауарлар экспортын арттыру маңызды», - деді бизнес форумға қатысқан сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.