Қазір ол ұсталды.
Қарағандыда екі адамды атып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
159
оқылды

Қарағандыда саяжай қоғамдарының бірінде екі адам оқ жарақатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандардың бірі – саяжай қоғамының 43 жастағы төрағасы, екіншісі – 55 жастағы қоғам белсендісі.

Полиция мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған.

Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады.

Полицияның хабарлауынша, күдікті кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.