Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция заңды иелеріне 3 мыңнан астам малды қайтарған.
Қазақстанда жыл басынан бері мал ұрлаған 460-қа жуық адам ұсталды
199
оқылды

Олардың 107-сі қылмыстық топ құрамында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция заңды иелеріне 3 мыңнан астам малды қайтарған.

Мәселен, тамыз айында Батыс Қазақстан облысында жылқы мен ірі қара ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды. Тергеу барысында олардың тоғыз ұрлыққа қатысы бары анықталды.

Күдіктілер жайылымнан 15-тен астам малды ұрлап, шалғай елді мекенге айдап апарып сойған. Кейін етті сату үшін Ақтөбе облысына жеткізіп отырған. Қазір екі күдікті де қамауда.

Полиция мал ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарға малды қараусыз қалдырмауға, бақыланатын жайылым ұйымдастыруға, GPS-трекерлерді пайдалануға, сондай-ақ малды уақытылы таңбалап, чиптеп, есепке қоюға кеңес береді.