Биылғы рейтингке барлығы 20 композиция енген.
Димаштың «AQERKE» композициясы халықаралық рейтингте үздік үштікке енді
154
оқылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы Channel R Radio халықаралық радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown қорытынды рейтингінде үшінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биылғы рейтингке барлығы 20 композиция енген. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, қорытындысы 5 қыркүйекте жарияланды.

Тыңдармандардың дауыс беру нәтижесі бойынша «AQERKE» жаз маусымындағы ең танымал композициялардың үштігіне кірді.

Channel R Radio – заманауи музыка мен жаңа релиздерге бағытталған тәулік бойы хабар тарататын халықаралық онлайн-радиостанция. Оны әлемнің әр түкпіріндегі тыңдармандар мобильді қосымша және бірқатар музыкалық платформалар арқылы тыңдай алады.