Ол жақын адамынан айырылғаны жанына батқанын, дегенмен өмір жалғасатынын айтып, жағдайды түсіндірді.
Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі
109
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz

Желі қолданушылары продюсерді ағасы қайтыс болғаннан кейін қоныс той жасағаны үшін сынға алған еді.

Ол жақын адамынан айырылғаны жанына батқанын, дегенмен өмір жалғасатынын айтып, жағдайды түсіндірді.

«Өзегім өртеніп, жүрегім тілім-тілім болып, жан ағам болғанда да, өзімнің жаныма өте жақын, бір-бірімізді сағынышпен іздеп, маңдайымнан мейірлене иіскеп отыратын ағатайымнан айырылдым. Жаңа үйге көз жаспен емес, шашумен кіріп, жақсылықтар болсын деп араласып жүрген кісілерден 5-6 адам шақырып, шәй беріп жібердім. Өлімнің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз сол зират», – деп жазды продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.