Концерттен үзінді видеолар жариялады.
Энрике Иглесиас Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғыс айтып, әсерлі жазба жариялады (видео)
Фото: Энрике Иглесиастың баспасөз қызметі (Enrique Iglesias Press office)
182
оқылды

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы көрерменіне алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Испаниялық әнші Астанада және Алматыдағы Орталық стадионда концерт өткізген болатын. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы бірінші концертінде ерекше қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, концерттен үзінді видеолар жариялады.

«Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Осындай қонақжайлық танытып, таңғалдырғаныңыз үшін тағы да рақмет!» — деген әсерлі жазба жариялады әнші. 

Айта кетейік, әнші Қазақстандағы концертінде көрерменге қазақша «Сәлем!» деп қазақша амандасып, қазақ тілінде алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.