Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
«Моя страна» номинациясында Қымбат Қараеваның «Көшпенділер ойындары» кітабы, ал «Наука и образование» номинациясында Кенжехан Матыжановтың «Абай» үш томдығы бірінші орын алды. Екінші орынға Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары», Нелли Бубэнің «Амандос Ақанаевтың ғаламы. Суретшілер әулеті», Кәдірбек Сегізбайұлының «Қазақы дастархан» және Айдархан Жадыковтың «Герои-Казахстанцы. Краткий библиографический справочник» кітаптары ие болды.
Үшінші орыннан Марат Әзілхановтың «Ветераны Ассамблеи народа Казахстана», Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және Баянғали Әлімжановтың «Абылай хан мен батырлар» атты кітаптар көрінді. Сонымен қатар Гүлмира Амандықованың «Абай Құнанбайұлының қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» кітабы үшін номинант дипломы табысталды. Ал Ә.Дүзелхановтың «Момунбай и семеро разбойников. По мотивам казахской народной сказки», Максим Зверевтің «Золотой сайгак» және Жүсіпбек Қорғасбектің «Кельндағы көкжал» кітаптарына арнайы дипломдар табысталды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, жалпы Қазақстан байқаудың негізгі номинацияларына 10 кітап, ал арнайы дипломдарға үш басылым ұсынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
