Оның айтуынша, адам жағдайы болса, қолындағы дүниесін өзгелермен бөлісуі керек.
«Қолымнан келгенше адамдарға көмектескім келеді»: Баян Алагөзова жан сырын ақтарды (видео)
Фото: әлеуметтік желі
274
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, адам жағдайы болса, қолындағы дүниесін өзгелермен бөлісуі керек. Өзі қолынан келгенше адамдарға көмектесіп жүргенін, алайда оның бәрін айтуды жөн көрмейтінін атап өтті.

«Адам өзінен артылып жатса, басқалармен бөлісуі керек деп есептеймін. Өзім қолымнан келгенше адамдарға көмектесемін. Қазір күн сайын көптеген адам жағдайын айтып, көмек сұрап келеді. Күн сайын. Алайда бәріне бірдей көмектесе алмайсың. Дегенмен қолымнан келгенше күнде жақсылық жасап, көмек көрсеткенді жөн көремін», - дейді продюсер.

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға жария түрде жақсылық жасауының себебі бар екенін айтты.

«Мұны басқаларға үлгі болсын деп жасадым. Біріншіден, Майя Бекбаевамен болған сұхбатта пәтері жоқ екені ашық айтылды. Соны көргеннен кейін «Бұл маған белгі, көмектесуім керек» деп бірден шешім қабылдап, күйеуіме айттым. Ол қолдау білдірді. Бір жағынан басқаларға үлгі болсын деп жасадым. Елімізде бай адамдар көп. Алайда қолындағын бөліскісі келмейтіндер бар. Неге екенін түсінбеймін, бөліскісі келмейді. Соларға үлгі болсын деп жасадым. Бізде талай жыл тетрда, мәдениет саласында еңбек етіп, қазір баспанасы, жағдайы болмай жүрген тұлғалар бар. Олар басқа жағдайда өмір сүруі керек деп ойлаймын», - дейді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.