Актер әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын жеткізіп, алғыс білдірді.
Димаш өнердегі інісіне көлік сыйлады
Фото: әлеуметтік желі
209
оқылды

Әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кемеңгер Оралға көлік сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, алғыс білдірді. Сонымен қатар туған күнінде тосынсыйға ие боламын деп ойламағанын айтып, ағынан жарылды.

«Кеше мен үшін ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы... Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы – ағамның маған сыйлаған көлігі. Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сіздің маған деген сеніміңіздің, адам ретінде, аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін. Сізбен бірге, осындай ерекше сәттердің куәсі болып жүргенім — мен үшін өте үлкен мәртебе», – деп жазды Кеменгер Орал.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.