Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» санатындағы турнир — АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open турнирінің үшінші айналымында әлемнің 58-ракеткасы, украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 7:6 (8:6), 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер хард кортта 1 сағат 53 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 12 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Теннис федерациясы мәліметінше, ширек финалға шығу үшін Елена әлемдік рейтингіде 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
