Сондай-ақ мұндай істер бойынша ЖСО қызметіне жұмсалатын шығынды өндіріп алушы мен борышкердің тең бөлісуі туралы норма алынып тасталды.
Баламен кездесу тәртібіне қатысты сот орындаушысының ақысы екі есе төмендейді
185
оқылды

Өзгеріске сәйкес, баламен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеуге қатысты атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызмет ақысы жеке тұлғалар үшін ай сайын 10 АЕК болады. Бұған дейін 20 АЕК төленетін.

Сондай-ақ мұндай істер бойынша ЖСО қызметіне жұмсалатын шығынды өндіріп алушы мен борышкердің тең бөлісуі туралы норма алынып тасталды.

Бұдан бөлек, атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушыларына беру тәртібі өзгерді. Өңірлік палата қағаз түрінде жолдаған құжат үш жұмыс күні ішінде қабылдануы керек. Егер ЖСО кеңсесі тиісті өңірден тыс жерде орналасса, құжат алынғаны расталатын тапсырыс хатпен жіберіледі.