Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жаңаөзенде көліктегі газ баллоны жарылды
191
оқылды

Жаңаөзен қаласында жеңіл автокөлік өртеніп, оған орнатылған газ баллоны жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, газ баллоны құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін жарылған. Өрт сөндірушілер көліктегі өртті сөндірді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ жүргізушілерге газ жабдығы орнатылған көліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, газ баллоны мен жүйенің жарамдылығын тұрақты тексеріп тұру қажеттігін ескертті.

Газ иісі сезілген жағдайда көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, қауіпсіз жерге алыстау керек. Ал газдың ағуы немесе өрт анықталса, 112 нөміріне хабарласу қажет.