Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бұрынғы әйелін бір жыл бойы ұрып-соққан ер адамға қылмыстық іс қозғалды
199
оқылды

Таразда бұрынғы жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлаған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу дерегінше, ер адам соңғы бір жыл бойы бұрынғы әйелінің үйіне келіп, оны бірнеше рет ұрып-соғып, отбасы мүшелерін қорқытқан. Ол бұған дейін де отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қалалық прокуратура жүргізген талдау барысында бір мекенжайдан бірнеше рет түскен хабарламаларға тиісті деңгейде ден қойылмағаны анықталды. Таразда осындай 110 мекенжай тіркелген. Қазір зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қалалық прокуратураның ерекше бақылауына алынды.