Оқиға Островский көшесінде болған.
Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды
233
оқылды

Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар үй ішінен әйелді алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Островский көшесінде болған. Өрт сөндірушілер үйдің ішінен әйелді тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Өртті сөндіру кезінде үйден үш газ баллоны шығарылды. Сондай-ақ жалынның көрші үйге таралуына жол берілмеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан шыққан.