Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, US Open турнирінің екі дүркін чемпионы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:1, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 6 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена жеті эйс жасап, бір қосарланған қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы матч барысында өз геймін қарсыласына бірде-бір рет берген жоқ.
Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты. Келесі матчта қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Чжэнді жеңген жағдайда Рыбакина қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атануына кепілдік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
