Биыл қыркүйек айында елімізде мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл айда 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні бар. Ал алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні бар.
Сонымен қатар қыркүйек айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл жұмыс күндері және демалыс күндері болғанына қарамастан, аталып өтеді.
1 қыркүйек – Білім күні;
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні;
6 қыркүйек – Мұнай және газ саласы қызметкерлері күні
13 қыркүйек – Отбасы күні
20 қыркүйек – Аналар күні
27 қыркүйек – Еңбек күні – Машина жасаушылар күні
28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күні
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
