Оның аясында жамбылдық рухтастар 83 жастағы жалғызілікті зейнеткер Мария Вареецованың үйіне барып, тұрмыстық жұмыстарға қолғабыс көрсетті. Жастар қарияның үй шаруасына көмектесіп, қажетті жұмыстарды атқарды.
Ізгілік пен қамқорлықты басты құндылық санайтын жастар үшін мұндай бастамалардың маңызы зор. Қарияларға көңіл бөліп, қолдау көрсету – аға буынға деген құрметтің жарқын көрінісі. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы алда да жалғасын тауып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған игі істер жүзеге асырылмақ.
Осындай іс-шара Қызылордада да көрініс тапты. Облыстық филиал жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері қала тұрғыны, жалғызбасты қария Нағима Жұманазарованың шаңырағына барып, көмек-қолдау көрсетті. Жастар ардагердің ауласындағы қалың өскен шөпті тазалап, үй айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар Нағима апайдың жағдайын біліп, көңілін аулап әңгіме-дүкен құрды. Ізгі іске ризашылығын білдірген ардагер жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
