ММА файтері, актер және блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Прокуратура танымал болу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.
«Алматы прокуратурасы әлеуметтік желілерден танымал MMA жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтады. Алматы қаласының МАӘС қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
