Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші US Open-2026 финалына шығу үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Еленаның 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер хард кортында 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Елена «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Сонымен қатар, Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды қамтамасыз етті. Финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды. ҚР ҰОК мәліметінше, WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
