Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
FYERS American Gambits сапында өнер көрсетіп жүрген Асаубаева әйелдер тақтасында Үндістан өкілі Дивья Дешмухты 4:0 есебімен жеңді.
Алайда қазақстандық шахматшының жеңісі командасына жалпы есепте басымдық әкелмеді. Жавохир Синдаров Магнус Карлсенге, ал Даниил Дубов Видит Гуджратиге 0:3 есебімен жол берді. Нәтижесінде Alpine APL Pipers FYERS American Gambits командасын 9:7 есебімен жеңді.
Бұл – Бибісара Асаубаеваның турнирдегі қатарынан екінші жеке жеңісі. Бұған дейін сегізінші турда ол Полина Шувалованы ұтқан.
Tech Mahindra Global Chess League-2026 Бангалор қаласында өтіп жатыр. Турнир 13 қыркүйекте аяқталады.
