Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы: бес жылда 15 мың бала дүниеге келді
230
оқылды

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы 15 мың бала дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Бағдарлама 2021 жылы іске қосылған. Содан бері экстракорпоралдық ұрықтандырудың 37 мыңға жуық циклі жүргізілді. Жыл сайын бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздегі отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын осы мәселе бойынша 20,5 мыңға жуық ерлі-зайыпты медициналық көмекке жүгінеді.

Қазақстанда ЭКҰ жасайтын медициналық ұйымдардың саны да артқан. 2004 жылы мұндай қызметті төрт клиника көрсетсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті.