Қонаев гарнизоны Әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен «Aсау-2026» әскери-патриоттық жобасының қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Асхат Арлан жүлделі ІІ орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жоба барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша өзара сынға түсіп, жауынгерлік және физикалық дайындығын, ептілігі мен шапшаңдығын сынады. Асхат Арлан әр кезеңде өзінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, табандылығы мен жігерінің арқасында үздіктер қатарынан көрінді.
Ол бәсекелестікке толы сайыста 6654 әскери бөлімінің намысын абыроймен қорғады.
Жауынгердің бұл жетістігі – жеке шеберлігі мен табандылығының ғана емес, әскери бөлімдегі жауынгерлік даярлықтың да көрсеткіші.
Айта кетейік, Асхат Арлан 4 мыңға жуық сарбаздың арасында іріктеуден өткен 9 жауынгердің қатарында финалда бақ сынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
